Құжат сондай-ақ институционалдық ынтымақтастықты нығайтуды қарастырады. Қол қою «Қазақстан–Америка» дөңгелек үстелі аясында өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен АҚШ мемлекеттік органдарының, бизнес-құрылымдарының, халықаралық корпорациялардың, қаржы институттарының өкілдері және сарапшылар қатысты. Қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттесуді кеңейтуді талқылады.
Тараптар маңызды материалдар және сирек жер металдары саласындағы ықтимал бірлескен жобаларды, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды, цифрлық экономиканы, жасанды интеллектті, финтехті және агроөнеркәсіптік кешенді қарастырды.
Кездесу барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Кәрімсақов АҚШ-пен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша ағымдағы жұмыстар туралы айтып берді.