Ведомствода зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланды. Өндірістің тоқтауы болған жоқ.
«Конденсат» АҚ басшылығының мәліметі бойынша, шикізат жеткізілімдері бекітілген кесте бойынша кідіріссіз жүріп жатыр. Қазақстан зауыттарын ресурстармен қамтамасыз ету жағдайы Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында қалып отыр.
Бұған дейін БАҚ-та ресейлік ТАНЕКО зауытында оқиғадан кейін мұнай өңдеудің тоқтатылғаны туралы ақпарат пайда болған еді.