Аккредиттеу құжаттары ОСК-ға Сыртқы істер министрлігінен келіп түсті. Бақылаушыларды бес шет мемлекет пен бір халықаралық ұйым ұсынды, деп комиссия төрағасының орынбасары Ерман мәлімдеді.
Жаңа бақылаушылардың арасында — Молдова өкілдерінің төртеуі, Албания өкілдерінің екеуі, сондай-ақ Кувейт, Армения, Палестина және Парламентарийлердің халықаралық конгресінен бір-бір өкіл бар.
Бұған дейін ОСК 86 халықаралық бақылаушыны аккредиттеген болатын.