Қуаныш Бақытулы 1977 жылы дүниеге келген. Ол үш жоғары оқу орнын бітірген: 1998 жылы — Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін «іс жүргізуші — халықаралық деңгейдегі маман» мамандығы бойынша, 2008 жылы — Шымкент университетін «экономика» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы — Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандығы бойынша.
Еңбек жолын жеке сектордан бастаған. Коммерциялық ұйымдарда менеджер, бас директордың көмекшісі, директордың орынбасары, бас менеджер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері болып жұмыс істеген.
Кейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы және бас маманы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің бастығы және басшысының орынбасары, Алматы қаласы Әуезов және Алмалы аудандарының әкімі орынбасары, сондай-ақ «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ жүк тасымалы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың тамызынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қуаныш Бақытулы Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды.