Шектеулер Үштөбе қаласы маңындағы 43-километрден Елтай ауылы маңындағы 25-километрге дейінгі учаскеге қатысты болады. Жұмыстарды өңірдің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізеді.
Автомобиль жүргізушілері үшін айналма жол дайындалды: Талдықорған — Балпық би — З. Тамшыбаев атындағы ауыл — Бесагаш — Тастөбе — Көлпе — Оян — Жаңаталап — Үштөбе.
Мекемеде жүргізушілерден сапарларды алдын ала жоспарлауды және ықтимал кідірістерді ескеруді сұрады. «Жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп атап өтті басқармада.