Полиция мәліметтері бойынша, 1996 жылы туған Chevrolet Tracker жүргізушісі басқаруды жоғалтып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жүк көлігін 1973 жылы туған ер адам басқарған.
Апат нәтижесінде оқиға орнында жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі және оның 48 жастағы жолаушысы қаза тапты. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.
КамАЗ жарылыс затын тасымалдаған. Жүк көлігінің жүргізушісінде қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсаты болған. Кабинада тасымалдаудың қауіпсіздігіне жауапты күзетші болған.