Жаңалықтар

ШҚО-да 15 кг алтынды заңсыз өндіргені үшін сотталды

Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық соты 2024–2025 жылдары Ұлан ауданында алтынды заңсыз өндірген топ мүшелерін кінәлі деп таныды.

22 шілде 2026 · 18:04·Оқу: 2 мин

ШҚО-да 15 кг алтынды заңсыз өндіргені үшін сотталды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 шілде 2026

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ҚНБД, ПД және ЭРД-пен бірлесіп бағалы металдарды заңсыз өндіруді тоқтатты. 2025 жылдың маусымында Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің аңғарында шетелдік азаматтарды ұстап, арнайы техника, жабдық, алтын құрамды шикізат және ақшаны тәркіледі.

Тергеу деректері бойынша, жергілікті тұрғындар мен Қытай азаматтарынан құралған топ Ұлан ауданы аумағында алтынды өз бетінше өндіруді ұйымдастырған. Нәтижесінде 15 кг алтын өндіріліп, мемлекетке 766 млн теңге шығын келтірілген.

2026 жылдың 21 шілдесінде сот айыпталушыларды бағалы металдарды ерекше ірі мөлшерде заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танып, оларға әртүрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер