Павлодар облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша тергеу жүргізді.
Тергеу нұсқасы бойынша, Алекперов З.Ф. туыстарына жеткізу, сақтау, буып-түю және сату рөлдерін бөліп, схема құрды. Тауар басқа аймақтан логистикалық компаниялар арқылы келіп, тағамдық көкнәр және дәмдеуіштер түрінде сатылды.
Тінту барысында буып-түйілген қоспа партиялары тәркіленді. Сатудан түскен ақша қолма-қол және банк аударымдары арқылы түсті. Ұйымдастырушы осы қаражатқа екі автокөлік сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға рәсімдеді.
Сот Алекперовқа және екі сыбайласына жеті жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді, ал тәркіленген 321 килограмм көкнәр жойылды. Үкім заңды күшіне енді.