Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қолданыстағы төсек қоры жүйеге түсетін жоғары жүктеме кезінде стационарлық көмектің қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлер бойынша бөлу
Төсектердің негізгі бөлігі — 8 824 — аймақтық психикалық денсаулық орталықтарында орналастырылған. Республикалық деңгейде республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында 300 төсек және қарқынды бақылаумен мамандандырылған типтегі республикалық психиатриялық ауруханада 860 төсек жұмыс істейді.
Төсектердің толтырылуы
2025 жылдың қорытындысы бойынша ересек төсектердің орташа толтырылуы 93,3 %, балалар төсектерінің — 96,8 % құрады. Ведомство мәліметтері бойынша, жүктеменің маусымдық ауытқулары байқалмайды.
Ең көп қоры бар өңірлер
Төсектер халық саны ескеріле отырып бөлінген. Олардың ең көп шоғырлануы Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астанада байқалды.
2025 жылы психологиялық қолдау орталықтары 21 298 азаматқа жеке кеңес берді.