Қоғам

Алматыда 800-ге жуық көлік тексеріліп, 194-нің шығарынды нормасынан асып кеткені анықталды

2026 жылдың 1-29 маусым аралығында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері Алматы қаласының полиция департаментімен бірлесіп, 778 автокөліктің шығарынды газдарының уыттылығы мен түтінділігін тексерді.

1 шілде 2026 · 11:50·Оқу: 1 мин

Алматыда 800-ге жуық көлік тексеріліп, 194-нің шығарынды нормасынан асып кеткені анықталды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 шілде 2026

Нормадан асып кету 194 көлікте анықталды. Олардың ішінде 106-сы бензинді, 86-сы дизельді және екеуі газды автомобильдер.

Тексерулер автокөліктен шығатын шығарындыларды азайту шаралары аясында үнемі жүргізіледі. Жылжымалы зертханалар жұмысын жалғастыруда.

2025 жылдың соңында Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары бекітілді. Әкімнің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың мәліметінше, өткен жылы қалада 189 мың тонна ластаушы заттар тіркелген, оның 112 мың тоннасы — 60% — автокөліктерге тиесілі.

Пікірлер