Спорт

Бублик Австриядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалында аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді жеңіп, финалға шықты.

24 шілде 2026 · 19:45·Оқу: 1 мин

Бублик Австриядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 шілде 2026

Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Матч бір сағат жиырма бес минутқа созылды.

Generali Open финалында қазақстандық француз Кентен Алиспен ойнайды. Жеңімпаз титул мен ATP-дің 250 рейтингтік ұпайын алады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды. Жеңімпаз 93 175 еуро алады.

Пікірлер