Спорт

Нұрбек Оралбай Оңтүстік Кореялық қарсыласын нокаутпен жеңіп, ширек финалға шықты

Бокстан әлем кубогінің 90 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалында Нұрбек Оралбай Оңтүстік Корея боксері Ким Гичхэні техникалық нокаутпен жеңді.

15 маусым 2026 · 05:24·Оқу: 1 мин

Нұрбек Оралбай Оңтүстік Кореялық қарсыласын нокаутпен жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·15 маусым 2026

Бой үш нокдауннан кейін аяқталды. Қазақстандық спортшы осылайша турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Оралбай өзбекстандық боксшы Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі. Ким Гичхэ әлем кубогындағы өнерін аяқтады.

Оралбай — Париждегі 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы. Турнир Қытайда өтіп жатыр.

Пікірлер