Қазақстан — өзінің табиғи сұлулығы мен бай мәдени мұрасы бар үлкен ел. Қазіргі уақытта республикада туризмнің барлық дерлік түрлері бар. Дәл сондықтан Қазақстанның тамаша демалыс орны ретіндегі танымалдылығы күн санап артып келеді. Сонымен, Қазақстандағы қандай демалыс орындарына міндетті түрде бару керек?!
Бурабай — кішкентай ШвейцарияРеспубликадағы ең танымал демалыс орны деп Бурабай курорты лайықты түрде саналады. Мұнда көптеген қонақ үй, санаторий орналасқан әрі инфрақұрылым тамаша дамыған. Дәл
сондықтан бұл орынды халық арасында жергілікті Швейцария деп те атайды. Бурабайға тек демалуға және қазақ табиғатының сұлулығынан ләззат алуға ғана емес, сондай-ақ түрлі емдік шараларды қабылдау арқылы денсаулығын түзеуге де келеді. Кенттен ыстық бұлақтары мен таңғажайып сарқырамаларымен әйгілі Түрген шатқалына аттануға болады. Құдіретті Бозғұл сарқырамасы мен Аю сарқырамасы — көру керек керемет көрініс.
Қазақстандағы ең танымал туристік маршрут — ұлы Жібек жолы бойынша экскурсиялық саяхат. Бұл маршрут ең әйгілі әрі тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Бүкіл жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және
археологиялық ескерткіштері орналасқан. Мұнда атақты Айша-Бибі, Бабаджи-Хатун және Қараханның кесенелерін барып, өткен заман дәуіріне басымен сүңгуге болады.
Міндетті түрде баруға тұрарлық Қазақстандағы тағы бір демалыс орны — үлкен Шарын шатқалы мен Шарын өзені. Шатқал табиғи кереметтерді көргісі келетін туристерді ғана емес, сондай-ақ спорттық және экстремалды демалыс түрлерін ұнататындарды да өзіне тартады. Шатқал аумағында туристер үшін аса тартымды Қамалдар аңғары да орналасқан.
Қазақстанның атақты көлдері, сарқырамалары мен шатқалдарыАқсай шатқалы елдегі туризмнің діни бағыты деп саналады. Бұрынғы заманда бұл орын ежелгі монахтарға баспана болса, қазіргі уақытта нағыз қажылық Меккесі болып табылады. Мұнда ежелгі монахтардың
өмірімен жеке танысу, олардың тұрмыс-салтын көру және дінді жақсырақ тану үшін планетаның түкпір-түкпірінен адамдар келеді.
Алакөл немесе Балқаш көлдерінде өткізілген уақыт бүкіл демалыстың ең үздіктерінің бірі болады. Бұл су айдындары бірегей сұлулыққа ие болып қана қоймай, сонымен қатар құрамы жағынан емдік те болып табылады. Қазақ көлдерінің минералды элементтерге қаныққан суы көптеген аурумен күресуге және демалыс кезінде күш жинауға көмектеседі.
Қазақстандағы тау шаңғысы спортыТаулар республиканы барлық дерлік жағынан қоршап тұр, бұл тау шаңғысы спортын сүйетіндердің назарын аудармай қоймады. Танымал Шымбұлақ курорты республика астанасынан алыс емес Іле Алатауының шатқалында орналасқан. Мұнда толыққанды белсенді демалыс үшін өте қолайлы
климаттық жағдайлар бар. Ал тәжірибелі альпинистерге тау шыңдарының тамаша көріністерінен толыққанды ләззат алу үшін ең биік нүкте — Хан-Тәңіріге көтерілген жөн.
Қазақстанды белсенді демалыс пен жабайы табиғатты сүйетіндер үшін ғана емес, сонымен қатар сауығу мүмкіндігі бар байсалды, мәдени демалысты қалайтындар үшін де тамаша демалыс орны деп батыл атауға болады. Ал елдің туристік әлеуеті ең талғампаз туристің де сұранысын оңай қанағаттандырады, оның үстіне Қазақстанның басты визит карточкасы әрқашан қазақ халқының достығы мен қонақжайлылығы болып келген.