Тізім конкурстың қорытындысы бойынша құрылды. Оған Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Басши, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Торайғыр, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Берел мен Коробиха, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау кірді.
Бұған дейінгі жылы Жетісу облысынан Лепсі, Қызылорда облысынан Нағи Ильясова, Батыс Қазақстан облысынан Хан Ордасы, Шығыс Қазақстан облысынан Поперечное және Қарағанды облысынан Шабанбай би жеңімпаз атанды.
Қазақстанның ауылдық туризмі шетелде де мойындалып жатыр. 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы UN Tourism ұйымының Best Tourism Villages марапатына ие болды.