Бұқтырма су қоймасы 2 бөліктен тұрады: өзендік —
Ертіс өзенінің аңғары бойынша және Зайсан көлі. Бұқтырма өзені — Ертістің оң жақ саласы, өзеннің ұзындығы 336 км, алабының ауданы 12 660 км². Ол Оңтүстік Алтай жотасының мұздықтарынан бастау алады. Бұқтырманың жоғарғы ағысында — тар аңғармен ағатын таулы өзен, төменгі ағысында ағыс сипаты тынышырақ. Бұқтырма өзені балыққа бай. Мұнда пелядь, рипус, шортан, көксерке, алабұға, торта, хариус, язь, сазан, таймень, нельма, бахтах, нәлім, ускуч, мөңке, тыран және балықтың басқа да түрлері кездеседі.
Су қоймасында балық аулау — қызықты әрекет, мұнда, Бұқтырма өзеніне, ТМД-ның түкпір-түкпірінен балық аулауға келеді. Білгір балықшылар әсіресе өзеннің жоғарғы ағысын мақтайды. Өзенде жыл бойы балық аулауға болады. Көпшілік Бұқтырмадағы демалысты балық аулаумен ұштастырады. Егер демалыс үшін жаңбыр кедергі болса, балық аулау үшін мүлдем кедергі емес. Жаңбырда балық кейде күнді күнге қарағанда жақсырақ шалады, сондықтан сіз балықсыз қалмайтыныңыз анық. Егер осы су айдынында балық аулауды ұйғарсаңыз, бұл іс-шара үшін сізге міндетті түрде мыналар қажет болады: рюкзак, кружка, тостаған, қасық, пышақ, сіріңке, жемпір, желкебақ, жүн шұлық, маусымға байланысты (жылы бөрік, бәтеңке), ұйқы қапшығы, төсеніш (каримат), қол шам, шамдар, сіріңке, су өткізбейтін костюм, күннен қорғайтын бас киім, жұмыс қолғабы, киім мен ұйқы қапшығына арналған су өткізбейтін полиэтилен қап, күннен қорғайтын көзілдірік. Өйткені Бұқтырмадағы балық аулау — ерекше, қызықты іс-шара, бірақ ол белгілі бір дайындықты талап етеді.